Қазақ балуандары Бакуде биіктен көрінді

11
2026-08-24

Бакуде қазақ күресінен ересектер арасындағы Әлем чемпионатының алғашқы жарыс күні мәресіне жетті. Әлемнің 24 елінен келген балуандар бозкілемге шығып, 16 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. Қазақстан құрамасы үшін халықаралық жарыс  сәтті басталды. Ұлттық құрама сапынан үш балуан чемпион атанып, ел қоржынына үш алтын түсті. Баку төріндегі бәсекені біздің тілшіміз Айбол Құтпанқұлов көріп қайтты.