Еліміздегі саяси жүйе жаңа кезеңге қадам басты. Жаңадан сайланған Құрылтай жұмысын бастаған соң, заңдардың қабылдануы мен Үкіметтің жұмыс істеу тәртібі толығымен өзгереді. Енді халыққа керек заңдар, жедел қабылданады. Ал жұмысын дұрыс істемеген, елдің сөзіне құлақ аспаған министрлер қызметімен қоштасуы мүмкін. Кешегі сайлаудан кейін елімізде қандай саяси өзгерістер болады? Тілшіміз зерделеп көрді.