Еуропарламент мүшесі сайлауға қатысты пікір білдірді

10
2026-08-24

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылады. Оның 160-ы шет мемлекеттерден арнайы келген. Солардың қатарында Еуропарламент мүшесі Мехмет Аккалым да бар. Ол Қазақстандағы саяси реформалар мен демократиялық үдерістерге назар аударып, халықаралық бақылаушы ретінде сайлауға қатысуын маңызды тәжірибе деп бағалады. Сондай-ақ, Қазақстан мен Еуропа елдері арасындағы ынтымақтастықтың нығая түсетініне сенім білдірді.