Түркістанда 200-ге жуық ерекше балаға арнайы сыйлықтар табысталды. Олар алты аудан мен қаладан келген. Бүлдіршіндердің сый-сияпатына облыстық мәслихат депутаттары және кәсіпкер азаматтар демеуші болған. Олар балалардың өздеріне жазған тілек хаттарын оқып, қалауларындағы сыйлығын табыстады.