Сайлаушыларға көліктер тегін қызмет көрсетті

9
2026-08-23

Бүгін Түркістан қаласында 200-ден астам қоғамдық көлік жолаушыларға тегін қызмет көрсетті. Құрылтай сайлауына қатысқан тұрғындардың дауыс беру учаскелеріне кедергісіз жетуі үшін қаладағы 22 бағыттың барлығында автобустар штаттық режимде жұмыс істеді. Орта есеппен алғанда әр автобус күн бойына орта есеппен 40-60 жолаушы тасымалдады. Жалпы облыс орталығы халқының 37%-ы қоғамдық көлікті тұрақты пайдаланады. Ал бүгінгі тегін тасымал тұрғындардың сайлау учаскелеріне еркін жетуіне мүмкіндік берді.