Жылу, су және электр желілерін жаңартуға 13 трлн теңге жұмсалады

24
2026-07-28

Қазақстанда тозығы жеткен коммуналдық инфрақұрылымды жаңартуға 13 триллион теңге бөлінеді. Ауқымды Ұлттық жоба аясында су, жылу, электр желілерін жөндеумен қатар, халық үшін ең өзекті мәселе кәріз жүйелері ретке келтірілмек. Бұдан бөлек, аз қамтылған отбасыларға коммуналдық төлемдерді өтеуге берілетін әлеуметтік көмек толықтай электронды форматқа көшіріледі.