ПЛАСТИК ӨНІМДЕРІН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
Түркістан облысында өндірісті дамытуға бағытталған тағы бір маңызды жоба жүзеге асырылуда. Жетісай ауданындағы индустриялық аймақта пластик қалдықтарын қайта өңдеп, одан тұтынуға дайын өнімдерін шағыратын заманауи зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Құны 2 миллиард теңге болатын кәсіпорын іске қосылғанда жылына 10 миллион дана өнім өндіріледі. 70 адам тұрақты жұмыспен орналасады. Жоба өңірдегі қайта өңдеу өнеркәсібін дамытып, импортқа тәуелділікті азайтуға және экологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді дейді, мамандар.
ДАНИЯР ТОЛЫБАЕВ ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ