Бакуде «смарт-сити» жобалар таныстырылды

4
2026-05-19

Астана — Орталық Азия бойынша БҰҰ-ның жаһандық тұрақтылық платформасы — «Resilience Hub» мәртебесіне ие болған тұңғыш қала атанды. Ал Алматыда БҰҰ-ның өңірлік орталығы іске қосылмақ. Мұны Бакудегі дүниежүзілік урбан форумына қатысқан премьер-министр Олжас Бектенов жариялады. Әлемнің 100-ден астам елінен 20 мың делегат жиналған алқалы жиында Үкімет басшысы ел халқының 63 пайызы мекендейтін отандық мегаполистердің жаңа даму стратегиясын таныстырды. Осы жылдың қаңтарында қабылданған жаңа құрылыс кодексі қала жоспарлаудың бірыңғай стандартын бекітті. Оның жарқын үлгісі ретінде форумда халықаралық инвесторлардың назарына заманауи «Alatau City» жобасы ұсынылды. Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында елімізде ЖИ-ді қолданудың құқықтық базасы реттеліп, электронды үкімет арқылы 1200-ден астам қызмет қолжетімді болды. Сонымен қатар, Олжас Бектенов халықаралық қауымдастықты Президенттің БҰҰ аясында халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасын қолдауға шақырды. Форум аясында ашылған Қазақстанның ұлттық павильонында қалаларды көгалдандыруға бағытталған «Green ID» эко-жобасы шетелдік сарапшылардың жоғары бағасына ие болды.