Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, экобелсенділермен бірге ағаш отырғызды. Осыдан екі жыл бұрын басталған бұл науқан бүгінде нағыз жалпыұлттық қозғалысқа айналды. Статистикаға сүйенсек, шараға 6 жарым миллионнан астам адам қатысып, 2 миллион тонна қоқыс жиналған. Сондай-ақ, еліміз бойынша 5 миллионнан астам тал егілді. Жиын барысында өңір әкімдері Президентке атқарылған абаттандыру жұмыстары жөнінде есеп беріп, үздік еріктілер марапатталды. Мемлекет басшысы жастарға табиғатты аялау арқылы да ұлтқа қызмет етуге болатынын айтып, тазалық мәдениетін қалыптастырудың маңызын атап өтті.