Синтетикалық есірткі өндірісіне тосқауыл қойылды

15
2026-04-21

Астанада полиция жедел-іздестіру шаралары барысында синтетикалық есірткі өндірірісін ұйымдастырмақ болғандардың жолын кесті. Гараж кооперативінен 200 канистраға құйылған 4 тонна прекурсор сақталған жасырын қойма анықталды. Бұл химиялық заттар “меф” пен “жылдамдық” секілді аса қауіпті психоактивті есірткілерді өндіруге арналған. Қаскүнемдер оларды сатып алу, сақтау және тасымалдаудың жасырын схемаларын пайдаланған. Жыл басынан бері ел бойынша заңсыз айналымнан 11 тоннадан астам прекурсор тәркіленген. Мамандардың бағалауынша, бұл көлемнен шамамен 1,5 тонна синтетикалық есірткі дайындалуы мүмкін болған. Ішкі істер министрлігі мұндай қылмыстар үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.