Кентау қаласында республикалық деңгейдегі «Жайдарман» ойындары өтті. Кенді қаланың сахнасында еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған командалармен қатар, Қарақалпақстаннан келген әзілкештер де өнер көрсетті. Қоғамдағы өзекті мәселелерді әзілмен астарлап жеткізген сайыстың бас жүлдесі — Кентау қаласы әкімінің кубогы кімге бұйырды? Әріптесім баяндайды.