Еріктілер экологиялық акцияны қолдауға шақырды

16
2026-03-26

Елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ерікті жастардың белсенділігі күн санап артып келеді. Олардың қатарында «Болашақтың қайнары» атты еріктілер қозғалысы бар. Алғашқылардың бірі болып жасқаталған белсенді топ қазақстандықтарды «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына атсалысуға шақырып, табиғатты қорғау ісіне жаңа серпін беруді көздейді. Аталған қозғалыс тек бір реттік акциялармен шектелмей, су үнемдеу мәдениетін насихаттау және қоғамның экологиялық санасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуді мақсат етіп отыр. Айта кетейік, «Мөлдір бұлақ» акциясы Шымкент қаласы мен Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында ұйымдастырылып, 3,8 мыңға жуық адамды біріктірді. Ауқымды шара барысында бұлақ көздері тазартылып, айналасы абаттандырылып, ағаш көшеттері отырғызылды.