50-ден астам әскери медицина қызметкері қан тапсырды

11
2026-03-02

Елордадағы әскери госпиталь дәрігерлері жаппай донорлық акцияға қатысып, мұқтаж жандарға үміт сыйлады. Күнделікті ота жасап, адам өміріне араша түсетін елуден астам маман бұл жолы өздері қан тапсырды. Олардың арасында тәжірибелі хирургтар да, мейірбикелер мен техникалық қызметкерлер де бар. Мамандардың айтуынша, бұл қадам медицинадағы қан қорын толықтырып қана қоймай, қоғамдағы жауапкершілікті де арттырады. Дәрігерлер бұл істі жұмыстан қол үзбей-ақ атқарды. Ол үшін арнайы жылжымалы зертхана орнатылды.