Қаржылық мониторинг агенттігі Алматыда заңсыз интернет-казино ұйымдастырған қылмыстық топқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Күдіктілер 1Win интернет-платформасы арқылы 11 мыңнан астам онлайн ойынға, сондай-ақ спорттық және киберспорттық ойындарға бәс тігуге мүмкіндік берген. Ақшаны қабылдау мен ұтыстарды төлеу банк карталары, электронды төлем жүйелері және криптовалюта арқылы жүзеге асқан. Қазір күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланды. Олардан сот қаулысымен жалпы сомасы 420 млн. теңгеден асатын мүлік тәркіленді.