Түркістандағы Күлтөбе тарихи-мәдени қалашығының аумағы абаттандырылады. Аймақ басшысының қатысуымен өткен жиында «Терек Хаб» ЖШС жоба менеджері Диана Ахметжанова өз жобасын ұсынды. Өңір әкімі қала басшылығы мен өзге де жауапты мамандарға жұмыстың сапалы болуына баса мән беруді тапсырды. Оған қоса атқарылу барысын жіті бақылауда ұстауды жүктеді. Айта кетерлігі, Күлтөбе қалашығының аумағы 27 гектар. Оның барлық нүктесінен Қожа Ахмет Ясауи кесенесі көрінеді. Ғасырлық тарихы бар кешен ежелгі Яссы шаһарының бір бөлігі болғандықтан, жоба тікелей ЮНЕСКО-ның бақылауында.