Сырдария өзені бассейнінде суармалы егіншілікті тиімді етуге бағытталған ауқымды зерттеу жүргізіліп жатыр. Жоба Француз даму агенттігінің грантымен жүзеге асуда. Бұл жұмыс Қазақстан мен Өзбекстан аумағын қамтиды. Зерттеу ал аумағы бойынша Түркістан облысындағы 550 мың гектар және Қызылорда облысындағы 254 мың гектар суармалы жерде өтуде. Суару режимдерін жаңарту үшін спутниктік деректермен қатар, төрт аумақта пилоттық жерүсті өлшеулер жүргізілуде. Ғалымдар гидромодульдер бойынша аймаққа жіктеуді қайта қарап, су ресурстарын үнемдеу, егін өнімділігін арттыру, топырақтың тұздануы мен топырақтың тозу деңгейін азайтуды көздеп отыр. Мамандардың айтуынша, Сырдария бассейнінде ауыл шаруашылығы су тұтынудың негізгі бөлігін құрайды, сондықтан суару жүйесін жаңарту өзекті. Жоба 2026 жылы аяқталмақ.