Қоғамдық орындарда бетін тұмшалайтын киім киюге тыйым салынды

9
04.12.2025 19:14

Елімізде бет-жүзін тұмашалайтын киімді киюге қатысты жаңа талап бекітілді. Өзгеріс Мәжіліс отырысының екінші оқылымында қабылданды. Бет-әлпетін жасырғандарға бірінші ескерту жасалады. Ал, тағы қайталанса 40 мың теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Қабылданған түзетулер Жоғары палатаға жіберіледі. Егер Сенат мақұлдаса, құжат Мемлекет басшысына қол қоюға жолданады. Заңның нақыт күшіне енер күні әзірге белгісіз.