Түркістан облысында әкім орынбасары полицейлермен жаға жыртысты. Оқиға куәгерлері түсіріп алған видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Бейнежазбадан Түркістан облысы Ақсукент ауылдық округі әкімінің орынбасары Ерлан Оразбаев, Сайрам аудандық тергеу бөлімінің бастығы Нұржан Сұлтанбаев пен Сайрам аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімінің қызметкері Руслан Қайнаровты байқауға болады. Ішімдікке сылқия тойып алып, еріскен азаматтарды жанындағылар ажыратпақ болғаны көрінеді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі видеодағы азаматтың Ерлан Оразбаев екенін растады. Ерегіскен азаматтар бір-бірімен туыс болуына байланысты, арыз жазудан бас тартқан екен. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізілуде.