ШҚО-да ЖРВИ жұқтырғандар саны 45 мыңнан асты

12
19.11.2025 17:51

Шығыс Қазақстан облысында ЖРВИ жұқтырғандар саны 45 мыңнан асты. Қазан айынан бастап бүгінгі таңға дейін өңірде  46 мыңға жуық адам осы вирусқа шалдыққан. . Науқастардың шамамен 60 пайызы  балалар. Соның салдарынан Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында мектеп оқушыларының сабағы  қашықтықтан оқыту жүйесіне  ауыстырылды. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, Шығыс Қазақстанда 23 жалпы білім беру мектебіндегі 169 сыныптан 3 мыңға жуық оқушы уақытша үйден оқиды. Абай облысында да эпидемиологиялық жағдай жөніндегі штаб отырысының қорытындысы бойынша бірқатар оқушыларды қашықтан оқытуға көшіру туралы шешім қабылданды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабековтың айтуынша, оқу жылы басталғалы бері 5 жарым мыңнан астам оқушы ЖРВИ-мен ауырған. Бұл өңір тұрғындарының  17 пайызыы. Сонымен қатар өңірде тұмаудың 25 жағдайы тіркелген.