Түркістан
EN

Заманауи психологиялық қызмет көрсетудің қыр-сыры талқыланды

73
21.05.2025

Жыл сайын елімізде балаға қатысты 2000-ға жуық қылмыстық жағдай тіркеледі. Яғни, күн сайын кемі 6 бала зәбір көреді. Мектептегі буллинг пен кибербуллинг мәселесіне тосқауыл қою үшін Түркістанда алғаш рет мектеп психологтарына арналған конференция өтті. Оған өңірдегі білім ордаларында жұмыс істейтін мыңға жуық сала маманы қатысты. Жиында заманауи психологиялық көмек көрсету мәселесі жан-жақты талқыланды.