Жеңіске – 80 жыл: Ұлттық ұлан жауынгерлерінің салтанатты киімдері әзірленіп жатыр

88
2025.04.15

Ұлттық ұланында Жеңіс күніне арналған салтанатты әскери шеруге қарқынды дайындық жүріп жатыр. Тігін шеберханаларында жауынгерлердің әскери киім үлгілері кәсіби деңгейде әзірленуде. Киім үлгілерінде ұлттық нақыштағы элементтер көзге айрықша түседі. Бұл — Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің дәстүр мен заманауи келбетті үйлестіре отырып, Жеңіс күнінің рухын асқақтата түсуіне бағытталған шешім. Жалпы қазіргі уақытта республика бойынша Ұлттық ұланда 30-ға жуық тігін шеберханасы бар. Онда 40-тан астам әскери қызметші қызмет етеді. Айта кетейік, Жеңіс күніне арналған шеруге Ұлттық ұланнан 400-ден астам әскерилер қатысады.