Қарағандыда соғыс ардагері 100 жасқа толды. Мария Ефимовна 1925 жылы 13 сәуірде Қарағанды облысының Ростовка ауылында туған. 1944 жылы Осакаров аудандық әскери комиссариатына қызметке шақырылып, мәскеудегі жалпы білім беретін мерген әйелдер мектебінде оқыған. 3-ші Беларусь және Украина майдандарында 199-шы армян қосалқы атқыштар полкінің құрамында соғысқан. Ал, ардагер жеңісті прагада қарсы алғанын айтады. Майдангерді мерейтойымен Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері және «жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері құттықтады.