Медициналық нысандар күрделі жөндеуден өтеді

49
2025.04.15

Түркістан облысында  медицина нысандарының инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Өңір басшысының орынбасары Бейсен Тәжібаев жауапты тұлғалармен мәжіліс өткізіп, атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады. Кездесуге облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығы, аудан- қалалық орталық ауруханалардың бас дәрігерлері мен мердігер компаниялардың жетекшілері қатысты. Айта кетейік, былтыр өңірдегі 4 ауруханада күрделі жөндеу басталған еді. Оның үшеуінің құрылысы осы жылы аяқталуы тиіс. Сондай -ақ, биыл тағы 4 аурухана жөндеуден өтеді.