Түркістанның туристік әлеуеті талқыланды. Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы «MIRAS» азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Аталған жиында өңірде туризмді дамыту бағыты бойынша атқарылар міндеттер қаралды. Алдағы уақытта туристерді тарту мақсатында жаңа нысандар ашу жоспарлануда. Айта кетейік, былтыр өңірдің туризм саласына 74 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 58 пайызға артық.