Үкімет отырысы: Жол апатын азайтудың нақты алгоритмін ұсынуды тапсырды

45
04.02.2025 21:08

Үкімет отырысында жаппай жол-көлік оқиғаларының алдын-алу қажеттігі туралы мәселе көтерілді. Премьер министр Олжас Бектенов жол апатын азайту мақсатында цифрлық технологияны қолданып, нақты алгоритмдерін енгізуді тапсырды. Бұған соңғы кездері елімізде көлік соқтығыстарының салдарынан адам өлімінің жиілей түсуі себеп болған. Бір ғана биылғы қаңтар айының өзінде Ақмола облысының трассасында бір мезетте 95 көлік соқтығысқан. Айтылған оқиғаларға байланысты, Үкімет басшысы тиісті  міндеттерді жүктеді.