Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады

69
29.11.2024 21:15

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады. Министр Мемлекет басшысына барлық бағыттағы атқарылып жатқан мәдени шаралар мен жұмыстар жөніндегі қорытындысын баяндады. Атап айтқанда биыл елімізде журналистердің мәртебесін арттыруды көздейтін жаңа БАҚ туралы заң қабылданды. Ал «Қазақфильм» киностудиясын тікелей қаржыландыруды қарастыратын заңнамалық өзгерістер Парламент қарауына ұсынылған. Сондай-ақ Аида Балаева креативті индустрияны қолдау шаралары әзірленгенін жеткізді. Жыл басынан бері елімізде 10 креативті орталық пен хаб ашылды. Балаеваның есебін тыңдаған президент ведомствоға келесі жылы өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне дайындық барысын жіті бақылауды тапсырды.