Әйелдерге вакцина салынады

48
14.05.2024 20:54

Елде жыл сайын жатыр мойны обырының 1900 жағдайы тіркеледі. 600 – ден астам әйел бір жылда осы патологиядан көз жұмады. Қауіпті кеселге қөбіне 45-50 жастағылар шалдығады екен. Алайда дәрігерлер соңғы уақытта бұл ауру жасөспірімдер арасында анықталып жатқанын айтады. Дегенмен қауіпті кеселдің алдын алуға болады. Ол үшін 11 жастан асқан қыз балаларға адам папилломасы вирусына қарсы екпе егу керек дейді мамандар. Енді денсаулық сақтау басқармасы вакцина дозасын тегін салуды жоспарлауда.