Түркістан облысында жібек өндірісі жанданады. Ертедегі Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан өңірде қазір тұт ағашын отырғызу қарқынды жүріп жатыр. Ал көшеттер көршілес Өзбекстаннан әкелінеді. Қазір соның алғашқы 85 000 түбі жеткізіліп, өңір шаруалары егуге кірісіп кетті. Толығырақ келесі сюжетте.
Тұт ағашының алғашқы көшеттері Жетісай ауданыны Мақталы ауылы маңындағы 25 га аумаққа отырғызылды. Жапырағын жылына төрт рет жинауға болатын тұттың сорты - «Әндіжан Мархамат 2017» деп аталады. Бұл жұмыстарға Өзбекстаннан аталған сорттың авторы Абулфаттох Мусырманкулов арнайы келіп, жергілікті шаруаларға тұт ағашын отырғызуда әдістемелік көмек көрсетіп жатыр.
АБДУЛФАТТАХ МУСЫРМАНКУЛОВ – АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ