Түркістанда қылмыс азайған

73
12.02.2024 15:19

Түркістан қаласында қылмыс деңгейі 29 пайызға төмендеген. Былтырғы жылы атқарылған жұмыстар есебін берген Түркістан қалалық Полиция басқармасының басшысы Бауыржан Жанаев осылай деді. Айтуынша, басқармаға 12 айда 22 мыңға жуық шақырту мен хабарлама түскен. Оның 1162-сі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ең көп қылмыс Отырар, Сауран, Шауғар шағын аудандарында тіркелген.