Цемент зауытының жұмысшылары еңбек жағдайларын жақсартуды және жалақыны көтеруді талап етуде

79
20.11.2023 14:56

Жалақы аз, қауіпсіздік талаптары мүлде сақталмайды. Түлкібас ауданындағы цемент зауытының қызметкерлері осылай деп, наразылық білдірді. Естеріңізге сала кетейік бір апта бұрын, дәл осы өндіріс орнында жарылыс болып, салдарынан үш адам күйіп қалып, оның екеуі қайтыс болған еді. Осы оқиғадан кейін зауыт қызметкерлері жұмысқа шығуға жүрексініп қалған. Айтуларынша, бұл өндіріс орнында істеген адам зейнеткерлікке дені сау болып шықпайды. Тараптарды әріптесім Өркен Мырзабек тыңдап келді.