Халық тетатрының құрылғанына 45 жыл

196
18.09.2023 15:12

Түркістан облысында 3 кәсіби театр бар. Сонымен қатар облыста халық театрлары да көрерменге өз қойылымдарын ұсынуда. Соның бірі сырлы Келес өңіріндегі «Келес халық театры». Аудандық мәдениет үйінің жанында жұмыс жасайтын өнер ұжымы биыл 45 жылдық мерей тойын тойлағалы жатыр. Халық театры жергілікті тұрғындарға  «Мәншүк», «Оралу», «Өмір солай» және «Оң қол» секілді қойылымдарын ұсынып келеді. Биыл мерей той қарсаңында театр қоржыны тағы бір Думан Рамазанның пьесасы бойынша жазылған «Бейуақ» қойылыммен толықпақ. Қазір дайындық барысы жүруде.