Сайлау жақындап келеді

148
2023.09.18

Енді өз әкіміңізді таңдай аласыз. Бесінші қараша күні Түркістан облысындағы Бәйдібек, Мақтаарал, Созақ, Шардара аудандарында аудан әкімдерінің сайлауы өтпек. Ол үшін өңірде арнайы аумақтық сайлау округтері құрылып, негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, сайлауға дайындық жұмыстары басталды. Әкім атануға үміттілер партия атынан немесе  өз-өзін ұсынушы болып тіркеле алады.  Ол үшін жалпы дауыс берушілер санының 1 пайызынан қолдау қажет.