Түркияда жер сілкінісі болды

144
24.11.2022 04:31

Түркияның батысында жер сілкінді. Төтенше жағдайлар департаментінің деректеріне сүйенсек, зілзала магнитудасы 5,9 балға жеткен. 35 адамның жараланғаны белгілі болды. Соңғы деректерге қарасақ, дүмпу ошағы Дюздже қаласының оңтүстік-шығысына қарай 14 шақырым жерде болған. Жерасты дүмпулер Ыстамбұл қаласының маңында және көрші өңірде де байқалған. Зілзаладан кей аудандарда жарық сөнген. Қазір апат шығыны анықталып жатыр. Естеріңізге сала кетейін бұл бір ай ішінде Түркияда болып тұрған екінші жер сілкінісі.