Түркістандағы мектептерге «Е-асхана» жүйесі енгізіле бастады

276
29.09.2022 03:36

Енді балаңыздың мектепте қандай тағам тұтынғанын көре аласыз. Тіпті, алдын ала бір апталық мектеп мәзірін бақылауда ұстап, майлы, ащы зиянды тағамдарға тыйым салуға да болады.Ол үшін жақын арада «е-асхана» пилоттық жүйесі қолға алынбақ. Бүгін аталмыш жүйе Түркістандық мектептерге таныстырылып,ата-аналар мен оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Толығырақ әріптесім Айдана Дүйсенбаеваның репортажында.

«Е-асхана» жүйесі елімізде 2019 жылдан бері қолданылуда. Алғашында жүйе авторы Қарағанды Шымкент қалаларындағы бірнеше мектепте тәжірбие жасапты. Нәтижесінде «е-асхана» ата-аналар мен балалардың көңілінен шыққан көрінеді. Осылайша жүйе республикада көң көлемде танылып, бүгінде ірі қалалардағы мектептерде орнатылған екен.

Қазір осы жүйені қалалық мектеп асханаларына ұсынып жатырмыз. Енді кәсіпкерлер де қолдап жатыр.Әзірге ешқандай шағым жоқ. Енді бұл мектептер 1 ай көреді.Ұнамаса басқа мектептерге ұсынуға дайынбыз.

Енді «е-асхана» Түркістанға да жетті. Бүгін арнайы мамандар қаладағы 2 мектепке құрылғыларын орнатып, оқушылар мен ата-аналарға таныстырды.

Жүйенің пайдасы орасан екені көрініп-ақ тұр. Дегенмен бұл жүйе мектеп асханаларында қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлерге тиімсіз деседі. Себебі әр кәсіпкер білім ордасындағы оқушы санына қарай «е-асхана» жүйесіне ақша төлеуге міндетті. Ол шамамен айына 25 мың мен 55 мыңның арасы. Бірақ орнату орнатпауы әр кәсіпкердің өз таңдауы дейді,- Түркістан қалалсы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразгүл Қолдасова. 

Бұл мәжбірлеу емес.балалар цифрлық жүйеге үйрену керек. Қазір бұл жүйе «күнделік кз» пен толығып жатыр.т.б

Жиналғандардың көпшілігі жүйені мақұлдады. Солардың бірі Ақтолқын Ержігітова. Оның ұлы мен қызы осы мектепте білім алады. Бәрінен бұрын енді 1-сыныпқа барған қызыма жақсы болды дейді ол. Әрі жоғарғы сыныптарда кездесетін әлімжеттіктің болдырмаудың бірден бір тиімды жолы деп есептейді.

Мектеп болғаннан кейін 4-5 сағат жүреді.қарны ашады. Ұтымды жүйе екен. балаларды бақылап отырамыз.т.б

Сонымен былай: ата-ана баланы жүйеге тіркейді. Сосын  QR беріліп, ата-анасы баланың күнделікті тамақтануына арнап ай сайын немесе күн сайын мүмкіндігіне қарай ақша салып қояды. Оқушы асханаға QR арқылы төлем жасайдЫ. Тиісінше, ата-анасы баланың қандай тағамдар мен сусын алғанын,бағаларын,құрамын бәрін-бәрін бақылауда ұстау мүмкіндігі бар. Бала ақшасын жоғалтпайды не ұрлатпайды дейді мамандар. Яғни зиянды, сіз тыйым салған заттарды сатып алмайды.Тіпті, күнделікті тиісті соммадан артық ақша жаратпасын деп те белгілей аласыз.