«Мерейлі отбасы» жобасының облыстық кезеңі қорытындыланды

195
22.09.2022 03:31

Шаңырақ шаттығын паш еткен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Жыл сайын ұйымдастырылатын сайысқа өңірдің түкпір-түкпірінен ең үлгілі отбасылар жиналған.Байқауға қатысуға 116 отбасы өтініш білдірген болса,бүгін оның іріктеліп алынған 26-сы өзара бақ сынасты.

Мерейлі отбасы ұлттық конкурсын елімізде 2013 жылдан бастап президент жарлығымен қолға алынған. Араға жыл салып аталған сайыс біздің өңірде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Сайысқа өскелең ұрпаққа өнегесімен үлгі болған отбасылар қатысады. Олар арнайы комиссияның шешімімен қомақты қаржылай сый-сияпаттармен марапатталады.

АҢСАР ӨСЕРБАЕВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ - Негізі біз бала-шағасының көптігіне қарадықү сосын әр отбасы өздері альбом дайындады.өз саласында жеткен жетістіктеріне қарадық. Соның бәрін қарап шығып, белгілі бір жетістіктері бар отбасыларды іріктедік. Арнайы комиссия осы талаптарға сай отбасыларды таңдады.02/00

Бүгінгі байқауға қатысқан отбасылардың басым көпшілігі білім беру саласының үздіктері. Одан бөлек, ішкі істер,спорт,темір жол саласында еңбек еткен ел ағалары мен өнерлі отбасылар бар.Барлығының ішіннен ерекше көзге түскен Түркістандық Құлбайымбетовтер отбасы бас жүлдені жеңіп алды. Әулеттің тірегі Жарқынбек Құлбайымбетов 40 жыл бойы білім ошақтарында ұстаздық еткен. Бүгінде зейнеткер жұбайы екеуі 7 перзетінен 31 немере мен 25 шөбере сүйіп отыр. Барлығы да түрлі саланың майталмандары. Сонымен қатар,80-нің сеңгіріне шыққан қария Түркістан қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы. 

ЖАРҚЫНБЕК ҚҰЛБАЙЫМБЕТОВ – «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ - Бұл жоба қазақстан халқының өніп өркендеуіне ,болашақта мықты ұрпақ тәрбиелеуге үлкен маңызы бар деп ойлаймыз.ал енді мына мемлекет басшымыз жаңа қазақстан яғни әділетті қазақстан деп жатыр.жақсы жағдайлар жасап жатыр. Енді ойлаймыз келешекте халқымыз бұдан да жақсы өмір сүреді. Жақсарады.

Жобаның бас жеңімпазы 500 мың теңге иемденді.Содан соң  байқаудың 2 орыныН Төле билік Өмірбай Әжібаев ақсақалдың әулеті алып,300 мың теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. Ал, 3- орынға Сайрам ауданынан келген Махаммат Илхамжановтың отбасына лайық деп танылып 200 мың теңгені місе тұтты.Қалған 23 отбасы ынталандыру сый-сияпаттарымен мараппатталды.Енді кезекте оза шапқан 3 үлгілі отбасыны Республикалық сайыс күтіп тұр.