Облыс әкімі кәсіпкерлермен кездесті

188
05.08.2022 04:10

Түркістан облысы кәсіпкерлікке бейім аймақтар қатарында. Реттілігі бойынша тоқталсақ. Елімізде Нұр-Сұлтан мен Алматыдан кейінгі үшінші орында тұр. Сондықтан оларды үнемді назарда ұстау керек. Осылай деген аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев өңір кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Жалпы жиын барысы қалай өтті? Онда қандай мәселелер талқыланды тілші тарқатсын. 

Кәсіпкер болу оңай емес. Сондықтан оларды үнемі қолдап отыруымыз керек. Кәсіпкерлермен кездесу барысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев осылай деді. Ондағы мақсат аталған саладағы түйіткілді мәселелерді тарқатып, оларға қамқорлық таныту. Сондай ақ, қала дамуына бизнес қызметкерлерінің де септігі барын тілге тиек етті. 

СНХ: ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ - Мынау біздің Түркістанда салынып жатқан үйлерді қараңыздар. 233 тұрғын үй салынып жатыр. Әкімшілік орталықтан. Оның барлығын жасап жатқан жергілікті кәсіпкерлер. Біреу 5 үй, бірі 10 үй. 20 үй салып жатыр. Міне солардың барлығына қарап біз жастарды тәрбиелеуіміз керек. Жас кәспкерлерді. Кәсіпкер болу оңай емес. 

Сандарды сөйлетсек. Түркістан облысында 160 мыңға жуық кәсіпкер бар. Олардың 52 пайызға жуығы ауыл шаруашылық саласында қызмет атқаруда. Жалпы еркін форматта өткен кездесуде кәсіпкерлер өз саласына қатысты мәселелерге тоқталды.  

НАҒИМА ҚЫРЫҚБАЕВА - КӘСІПКЕР - Мынау бүгінгі өтіп жатқан отандық өнімдер көрмесіне біз қуанып Бәйдібек ауданынан жеке кәсіпкерлер өздерінң өндіріп жатқан өнімдерін, қымыздарын, ұлттық өнер, қолөнер бұйымдарын және көптеген басқа да өнімдер алып келдік. Көрмеге қатысып жатқан барлығына сәттілік тілеймін. Жеңіс тілеймін. 

Айта кетейік, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында былтырғы жылы «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы іске қосылған болатын. Аталған жоба кәсіп ашамын деген жастарға бағытталған. Бүгінге дейін бағдарламаның 2 маусымы өтті. Жоба аясында, 16 жоба менторлық және қаржылық қолдау алып, өз кәсіптерін дөңгелетуде.