Қазіргі кезде қай мамандықтар сұранысқа ие?

508
29.06.2022 05:55

Қазақстанда ең көп жалақы алатын мамандық иелері дауысрежиссерлері екен. Статистика солай сөйлейді. Олардың айлық табысы 2 млн. теңгеге дейін жетеді. Жалпы мамандық таңдау - түлектерді толғандыратын маңызды мәселелердің бірі. Осындай қадам жасарда әрі оқушыларға бағыт-бағдар беруде ата-ана мен ұстаздар нені басшылыққа алған жөн. Болашақта қандай мамандықтар жойылып кетуі мүмкін. Қай мамандыққа сұраныс жоғары.  

Гүлдария Түркістан қаласындағы Т.Бигелдинов атындағы №16 жалпы орта мектептің түлегі. Туған жеріндегі оқу ордасына түсуді жоспарлаған жас журналист болуды армандайды. Мектеп қабырғасында жүргенде гуманитарлық бағытта білім алдым деген ол ҰБТ-да жинаған баллым өзім таңдаған мамандыққа жетеді деп отыр. 

ГҮЛДАРИЯ МҰРАТБЕКҚЫЗЫ, ТҮЛЕК:

- Журналистика мамандығы негізінен өзіме кішкентай кезімнен жақын. Солай өзіме жақын болғандықтан, икемім бар болғандықтан таңдап отырмын. Журналистика мамандығын таңдаған себебім- қарапайым халықтың үнін жоғарыға жеткізгім келеді. Қандай мақсатта болса да тек қана дамытып, Қазақстанның журналистика саласын дамытқым келеді. 

Ал қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Еділ Төлегеновтің айтуынша биылғы талапкерлердің басым бөлігі журналистика, дизайн, спорт және дінтану мамандықтарын таңдап жатыр. Сонымен қоса педагогика және медицина саласы бойынша оқуға түсетін түлектер міндетті түрде арнаулы емтихан тапсыру керек дейді. Ол педогогикалық жағдаят емтиханы мен психометрикалық тестілеу. 

ЕДІЛ ТӨЛЕГЕНОВ, Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХҚТУ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ: 

- Енді соңғы уақытта қазір біз 5-6 жыл болды байқап келе жатырмыз оқушылардың бет бұра бастағаны қуантарлығы педагогика мамандықтары. Яғни осы мамандыққа талапкерлердің құжат тапсыруы жоғарылай бастады. Себебі енді түсінікті ғой елімізде соңғы жылдары педагогтерге жасалып жатқан мүмкіндіктер, шәкіртақысының жоғарылауы бұл әрине талапкерлердің соған қарай сол мамандыққа деген қызығушылығын арттырып отыр. 

Ал сарапшылардың айтуынша алдағы 10 жылда инженер, нанотехнология, маркетолог мамандықтарына сұраныс арта түседі. Сондай-ақ туризм, логистика, медицина мамандықтары да трендтен қалмайды. Ал көмір өнеркәсібі, бухгалтер сынды кейбір кәсіптердің жойылып кету қаупі жоғары екен.