Түркістан
EN

Өңір басшысы дауыс берді

16
29.11.2026

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров те мәслихат депутаттарының сайлауында таңдауын жасады. Өңір басшысы шаһардағы  №951  сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Айта кетейік, Түркістан облысында 1 миллион 200 мыңнан астам  адам саяси науқанда  таңдау жасауға құқылы.  Бұл – өңір халқының жартысынан астамы.  Жыл басынан бері дауыс беру құқығына ие азаматтар саны 16 мың адамға артқан.  Сонымен қатар бүгін тұрғындарға өз сайлау учаскесін анықтау және мәліметтерін тексеру үшін онлайн сервистер, жергілікті Call-орталықтар мен «109» бірыңғай байланыс орталығы үздіксіз жұмыс істеді.