Түркістан
EN

Сайлау барысында заңбұзушылық тіркелген жоқ

16
29.11.2026

Түркістан облысындағы 949-шы сайлау учаскесінде дауыс беру барысы бақылаушылардың назарында болды. Олардың айтуынша, сайлау учаскелерінің жұмысы уақытылы басталып, дауыс беру процесі заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылған. Учаскелерде қоғамдық тәртіп сақталып, сайлаушыларға өз таңдауын жасауға барлық жағдай жасалған. Бақылаушылар сайлау барысының ашық әрі кедергісіз өтіп жатқанын айтады. Қазіргі уақытқа дейін өңірдегі сайлау учаскелерінде заңбұзушылықтар мен құқыққа қайшы әрекеттер тіркелмеген.