Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 16:00-дегі жағдай бойынша республикадағы сайлаушылардың 53,86 пайызы дауыс беріп үлгерген еді. Өңірлер арасында Түркістан облысы көш бастады — мұнда сайлаушылардың 69,84 пайызы өз таңдауын жасады. Жетісу облысында бұл көрсеткіш 68,03 пайызды құраса, Қызылорда облысында 67,36 пайызға жетті. Ал ең төмен белсенділік Алматы қаласында тіркелді, онда тұрғындардың 33,73 пайызы ғана бюллетень алды. Астанада сайлаушылардың 39,91, Шымкентте 40,23 пайызы учаскелерге барған болатын.