Түркістан
EN

АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ҮЛГІСІН ТАНЫТУДА

22
29.11.2026

Мәслихат депутаттарын сайлауында дауыс беріп жатқан  қатарында Сауран аудандық Әкелер мектебінің төрағасы Жұмағали Бекмұрзаев да бар. Оның айтуынша, елдің ертеңіне ықпал ететін, халықтың мүддесін қорғайтын азаматтарды таңдау – үлкен жауапкершілік. Сондықтан сайлауға қатысу әрбір тұрғынның азаматтық ұстанымы мен парызы болуы тиіс. Ол мұндай саяси науқандардың елдің қоғамдық өміріндегі маңызына тоқталып, әрбір дауыстың мәні зор екенін атап өтті. Сондай-ақ тұрғындарды сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруге және ел болашағына бейжай қарамауға шақырды.