Түркістан
EN

Дропперлік желінің әрекеті тоқтатылды

10
27.11.2026

Алматы облысында үш күдікті Қырғызстан азаматтарын дропперлікке тартқан. Олардың банк шоттары арқылы 3,6 млрд теңгеден астам қаражат айналымын жүргізген. Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз криптовалюта операциялары мен онлайн-казино төлемдеріне қызмет көрсеткен топты әшкереледі. Тергеу мәліметінше, күдіктілер делдалдар арқылы студенттер мен қаржылай қиындыққа тап болған жастарды тартқан. Ал күдіктілер заңсыз операциялардан түскен қаражаттың 4 пайызы көлемінде сыйақы алып отырған. Қазіргі таңда екі күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сот санкциясымен 3 автокөлік пен жер учаскесіне тыйым салынды.