Ақ алтынды өңірі атанған Мақтаарал ауданында жылына 60 мың тонна мақта талшығын өңдейтін алып кәсіпорын қарқынды жұмыс істеп тұр. Осыдан бес жыл бұрын іске қосылған зауыт бүгінде тоқыма комбинаттарын сапалы шикізатпен қамтып қана қоймай, өнімін алыс-жақын шет мемлекттергеде экспорттауда. Ауылдағы өндірістің тыныс-тіршілігімен әріптесіміз танысып қайтты.
Шаруалардың жұмысын жеңілдету үшін кәсіпорын шалғай ауылдардан он төрт қабылдау бекетін ашқан. Диқандар тер төгіп жинаған өнімін алысқа тасып әуре болмай, сонда өткізеді. Одан әрі шикізат тікелей зауытқа жеткізіліп, терең өңдеуден өтеді.