Түркістан
EN

634 заң бұзушылық анықталды

10
27.11.2026

Елімізде жыл басынан бері автокөліктерге  қосымша бактарды заңсыз орнатудың 634 дерегі анықталды. Соңғы бір тәуліктің өзінде осыған ұқсас тағы екі заң бұзушылықтың жолы кесілген. Ішкі істер министрлігі мемлекеттік шекара арқылы өтетін автокөлік өткізу пункттерінің маңында  бақылаудың күшейгенін айтады. Рейдтердің басты мақсаты - ауыр жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жанар-жағармай материалдарын республикадан тыс жерлерге заңсыз әкетудің жолын кесу.