ӨМІРБАЯНЫ
МҰСАБЕК ҚҰЛБАТЫР БАЗАРБАЙҰЛЫ 2001 жылы 9 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы) Түркістан қаласында дүниеге келген.
2007 жылы Абай атындағы №31 бастауыш гимназия мектебінде 1- сыныпқа барып, 2008 жылы №16 Талғат Бегалдинов атындағы мектепте жалғастырып, 2018 жылы бітіріп шықты.
2022 жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Экономика» мамандығының бакалаврі бойынша «Экономист» мамандығын алды.
2021 - 2022 жылы «Ырысты Бақ» ЖШС – нің қаржы директоры қызметін атқарды.
2022 жылдан бері «Ырысты Бақ» ЖШС – нің қаржы директорының орынбасары қызметін атқарған.
2023 жылы Түркістан қалалық маслихат депутаты, Түркістан қалалық «Аманат» партиясының Фракция жетекшісі.
2026 жылдан «Әділет» партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасы
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Сапалы инфрақұрылым және жайлы қала
• Жолдар мен көшелер: Округ аймағындағы ішкі және шеткі көшелерге асфальт төсеу, жарықтандыру жүйесін ретке келтіру.
• Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы: Ескірген жылу, су және кәріз желілерін жаңғырту,
2. Қолжетімді медицина және қолайлы көлік
• Денсаулық сақтау: Балалар мен ересектерге арналған медициналық мекемелерді заманауи құралдармен қамтамасыз ету.
• Қоғамдық көлік: Қалаішілік автобустардың қозғалысын жақсарту, оқушылар мен әлеуметтік осал топтарға қолайлы жағдай жасау.
3. Жұмыспен қамту және жастарға қолдау
• Жаңа жұмыс орындары: Шағын және орта бизнесті қолдау арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашу.
• Жастар саясаты: Жас мамандарды жұмысқа орналастыруға көмектесу, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру және қолдау.
4. Қала қауіпсіздігі және тазалық
• Қауіпсіз орта: Көшелер мен қоғамдық орындарға бейнебақылау камераларын көбейту, балалар ойын алаңдарын қауіпсіз ету.
• Экология: Қоқыс шығару жүйесін реттеу, саябақтарды көбейту және аумақтарды көгалдандыру.
5. Ашық жұмыс және халыққа есеп беру
• Тікелей байланыс: Депутат пен сайлаушылар арасында тұрақты кері байланыс орнату.
• Ашықтық: Атқарылған әрбір іс бойынша халық алдында жүйелі түрде есеп беріп отыру.
ҚОРЫТЫНДЫ: Мен құрғақ уәде беретін адам емеспін, тек нақты іс пен әділ шешімге сүйенемін. Округіміздің өзекті мәселелерін жақсы білемін және оларды сіздермен бірге шешуге дайынмын.