Түркістан
EN

Отырарда ауылдардың ажары кіріп келеді

18
29.10.2026

Отырар ауданының тұрғындары инфрақұрылымның игілігін көре бастады. Тарихи өңірдің ауылдарында тұрғындардың емін-еркін демалуы үшін саябақтар саны көбейіп, ойын алаңшалары да ашылуда. Сондай-ақ ғасырдан аса тарихы бар теміржол станциясы да жаңа кейіпке енді. Әрі қарай тілшіміз Бақдәулет Қанатұлы баяндасын.

Отырар ауданындағы Қарғалы елдімекені соңғы жылдары ажарлана түсті. Көшелерге асфальт төселіп, көгілдір отын жеткізілген. Ауылдың кіреберісіндегі бос жатқан ат шаптырым аумақ бүгінде  шағын саябаққа айналған. Орындықтар қойылып, айналасы абаттандырылған. Кеңес Одағының батыры Темірбек Ибрагимовтың мүсіні алыстан менмұндалайды.