Отырар ауданының Көксарай ауылының балалары мен жасөспірімдері спортпен еркін шұғылданып келеді. Осыдан екі жыл бұрын пайдалануға берілген нысанның құрылысына 200 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған. Спорт кешені ауылдан шыққан кәсіпкердің демеушілігімен салынған. Толығырақ келесі сюжетке назар салайық.
Бүгінде мұнда ондаған жасөспірім дзюдомен шұғылданып, түрлі деңгейдегі жарыстарда бақ сынап жүр. Солардың бірі – Рано Әбдіразақ. Жас спортшының қоржынында республикалық және халықаралық жарыстардың жүлделері бар. Ол жаттығу барысында жинаған тәжірибесін белдесуде көрсетіп, бірнеше мәрте жеңіс тұғырынан көрінген. Алдағы мақсаты – әлемдік жарыстарда ел намысын қорғау.