Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери атақтар тапсыру рәсіміне қатысты

28
06.05.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мереке қарсаңында елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін еліміздің бір топ азаматын құттықтады. Отан қорғаушылардың еліміздегі ынтымақ пен тыныштықты сақтауға зор үлес қосып келе жатқанын атап өтіп, оларға әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсырды. Жиынға қатысушылар түрлі дәрежедегі «Даңқ», «Айбын» «Құрмет» ордендерімен, сондай-ақ, өзге де медальдармен наградталды.