Мемлекет басшысы Ұлттық ұлан авиабазасының ашылу рәсіміне қатысты

68
03.05.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ұлан авиабазасының ашылу рәсіміне қатысты. Ел Президенті ең алдымен, жиынға қатысушыларды алдағы Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, бұл отаншылдық сезімді оятып, жауынгерлік рухты арттыратын мәртебелі мереке екенін айтты. Авиабазадағы бірқатар инфрақұрылымдық нысанды аралап,  Қарулы Күштердің, басқа да әскери құрамалардың ұшақтары мен тікұшақтарының, жауынгерлік және арнаулы техникаларының жаңа үлгілерімен танысты.