Арыста ағаштар егіліп оны жерсіндіруде тың әдістер қолданып келе жатыр

20
25.04.2024

Арыста ағаштар егіліп оны жерсіндіруде тың әдістер қолданылып келе жатыр. Қалада көшеттерді өсіретін тұқымбақта 80 мыңнан астам ағаш түбі бар. Олардың саны тағы да көбейеді. Себебі ағаш тұқымдарын жинау қала орталығынан басталып, шаһардың барлық аймағында жалғаспақ. Бұл жұмысқа «Жасыл Арыс» коммуналдық мекемесінің 15 қызметкері жұмылдырылған. Мұндағы басты мақсат Арыс топырағына бейімделген қарағаш тұқымын жинап, келесі жылға дайын көшет алу.